Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында бірқатар тағайындау жүргізді

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында бірқатар тағайындау жүргізді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында бірқатар тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Ахуал орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
  • Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Қауіпсіздік Кеңесі аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді.  

Қыркүйекте Президент Қауіпсіздік Кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекітті.

Еске салайық, бұған дейін Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget