- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев жаңа президенттік...
Тоқаев жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығы туралы айтты
Мемлекет басшысы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырып,жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазір - сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті, арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда, ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді.
Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. "Ауыл - ел бесігі1 деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын", - деді Тоқаев.
Президент осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.
"Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президентін сайлаудың ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек