Тоқаев Болгарияның алғашқы әйел президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, Болгарияда 1 қарашада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп, алдын ала қорытынды бойынша мемлекет басшысының міндетін атқарушы Илияна Йотова жеңіске жеткен еді. Ол аталған ел тарихындағы алғашқы әйел президент атанды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз