ТЖМ тасжолдардың жабылуына байланысты ескерту жасады

ТЖМ тасжолдардың жабылуына байланысты ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

10 қаңтар сағат 06:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тас жолдардың 122 учаскесі жабылды. Оның ішінде дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін республикалық маңызы бар 42 учаске,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Автокөліктердің жиналуы бірнеше өңірде байқалған. 

Қарағанды облысында 57 бірлік техника бар (Теміртау қаласынан шыққан кезде).

Кейінгі тәулікте құтқару бөлімшелері 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай - 7/5) эвакуациялады.

Уақытша жылыту пункттерінде 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала (Ақмола облысы - 49/6, Қостанай облысы - 7/5).

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Еске салайық, синоптиктер 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Метеорологтардың сөзінше, суық арктикалық ауамен келетін солтүстік антициклон Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжиды. Сондықтан қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады деп күтіліп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина