Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Синоптиктер 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың сөзінше, суық арктикалық ауамен келетін солтүстік антициклон Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжиды. Сондықтан қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады деп күтіліп отыр.

"Ауа температурасы батыста түнде 27-35 градус, күндіз 15-25 градус, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23 градус, күндіз 5-15 градус аяз болады. Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 градус аяздан 20-30 градус аязға дейін, күндіз 27-35 градус аяздан 13-22 градус аязға дейін төмендейді, орталықта негізгі ауа температурасы түнде 35-40 градус болады. Өңірдің оңтүстігінде 25-30 градус аяз болса, күндіз 20-30 градус аяздан 15-26 градус аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 градус аяздан 30-43 градус аязға дейін, күндіз 15-23 градус аяздан 23-33 градус аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 градус аяздан 20-31 градус аязға дейін, күндіз 8-16 градус аяздан 12-23 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова