- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖД үйінді астынан...
ТЖД үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұған дейін ер адам өлі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды. Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы ғимарат құлаған жерде іздеу жұмыстарының нәтижесінде екі адам құтқарылып, бір адам өлі табылғаны туралы хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина