Қостанайдағы төтенше жағдай: бір адам өлі табылды

Қостанайдағы төтенше жағдай: бір адам өлі табылды
Фото: instagram

Қостанайдағы ғимарат құлаған жерде іздеу жұмыстарының нәтижесінде екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

11 желтоқсанда сағат 12:36 - да Қостанайда, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиктер көшесі, 1, аумақта бұрын ыстық сумен жабдықтауда жарылыс болып, салдарынан бір қабатты ғимарат толық құлап, үйінділердің астында 7-ге жуық адам қалғаны хабарланған болатын. 

"Куәгерлердің айтуынша, үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында үйінділерден екі адам құтқарылды, тағы бір адам өлі табылды, жеке басы анықталды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр",-деп хабарлады облыс ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда төтенше жағдай болып, 7 адам үйінді астында қалғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина