- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Титан" трагедиясы: "Титаник"...
"Титан" трагедиясы: "Титаник" батып кеткен жерге билеттер сатыла береді
"Титаниктің" қирандыларына туристік сапарлар "Титан" сүңгуіріндегі қайғылы оқиғаға қарамастан жалғасады. Бұл туралы Daily Mirror жазды.
Сарапшының айтуынша, "Титан" сүңгуір қайығында бес адам қаза тапқаннан кейін де "Титаник" тұрған мұхит түбіне сапар жалғаса береді.
Тарихи лайнердің қирандыларына 8 рет экспедиция жасаған RMS Titanic, Inc компаниясының президенті Джессика Сандерс құрбандардың бірі - су асты зерттеушісі Пол-Анриді танитын. Джессиканың айтуынша, ғалым кеме батқан жерге туризмнің жалғасуын қалайтын еді.
Оның пікірінше, "экспедиция санаулы адамдарға ғана қолжетімді болмауы керек.
"Сапардың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Меніңше, бұл сұрақтың жауабы ол жаққа енді ешқашан барудың мүмкін еместігімен бітпеуі керек. Себебі мұндай шешім мен құрметтейтін адамның сеніміне қайшы болар еді", - дейді ғалымның досы.
Ол марқұм досының сенімі туралы да айтты.
"Қирандыны барлығы көре алуы керек, тек миллионер, миллиардер, әскери адам немесе директор ғана емес, кеме батқан жерге кез келген адам бара алуы керек", - деді ол.
Сандерс сонымен қатар батискафтың жарылуы "Титаниктің" сынықтарына зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті.
"Олар кемеге жақындаған кезде осындай жағдай орын алуы мүмкін деп алаңдадық. Кейінгі екі жылда олар көптеген экспедиция жасады. Кеменің қалдықтарына зиян тимеген дейді, бірақ біз бұған көз жеткізуіміз керек", - дейді ол New York Post-қа берген сұхбатында.
RMS Titanic басшысы тарихи кеменің апатқа ұшыраған жеріне бару "мұражайға бару" сияқты, адамдар айналасындағылардың бәріне құрметпен қарауы керек екенін айтады.
"Титан" сүңгуір қайығы жарылған болуы мүмкін және "Титаниктің" тұмсығынан шамамен 500 метр қашықтықта оның сынықтары табылды.
Апат орнынан бұл қашықтық жолаушылар лайнерінің жарылыстан зиян шеккені екіталай дегенді білдіреді, бірақ бұл әлі нақты расталған жоқ.
Бұған дейін "Титан" батискафасының жарылуының ықтимал себебі аталып, мұхит түбінен көтерілген оның сынықтары түсірілген кадрлар жарияланған болатын.
Сондай-ақ Титанның қирандылары арасында адам дене мүшелері бар екені туралы да хабарлар таралды.
Т. Раушанұлы