"Титан" батискафының сынықтары жағаға шығарылды (видео)

"Титан" батискафының сынықтары жағаға шығарылды (видео)
Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Әлемдік ірі БАҚ өкілдері "Титаникке бара жатып жарылып кеткен "Титан" батискафының сынықтары түсірілген кадрларды жариялады. Бұл туралы Sky News арнасы хабарлады.

Екі апта бұрын Атлант мұхитының түбінде жарылған "Титан" сүңгуір қайығының қалдықтары жағаға шығарылды.

Басылым батискаф сынықтары брезентпен оралып, кейін кранмен көтерілгенін нақтылады. Батискафтың табылған бөліктері Horizon Arctic кемесі арқылы жеткізілді. Олар Сент-Джонс (Ньюфаундленд) портындағы канадалық жағалау күзеті жағалауына түсірілді.

Бір кадрда майысқан металлдың үлкен ақ фрагменті, ал екіншісінде кабельдер мен басқа механикалық бөлшектер көрсетілген.

Еске салайық, батискафаның сынықтары 22 маусымда "Титан" экспедициясының мақсаты болған "Титаник" лайнерінің қалдықтарынан бірнеше жүз метр жерде табылған болатын. Батискафта болған бес адамның барлығы қаза тапқан.

Кейіннен олардың дене мүшелері табылған болатын.

"Адам дене мүшелері Америка Құрама Штаттарына жеткізіледі, онда медицина қызметкерлері ресми сараптама жүргізеді, ал Жағалау күзеті жарылысқа қатысты тергеуді жоғары деңгейде өткізіп үлгердій, - деді АҚШ жағалау күзетінің басшысы капитаны Джейсон Нойбауэр.

АҚШ жағалау күзеті батискафтың сынықтары жарылыстың болғанын көрсетеді деп мәлімдеді. Бұған дейін Канаданың көлік қауіпсіздігі кеңесі "Титанға" қатысты тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

Т. Раушанұлы