- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тина Канделаки vs...
"Тина Канделаки vs Нұрлан Сабуров" арасындағы жанжал: сарапшы аудиожазбаны тексеріп көрді
Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Онда журналист әзілкешке "өзін және Ресейді жақтайтын" пікір білдіруді талап етеді. Бұл аудиожазбаға сарапшы баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нейрон желілері саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан аудиожазба фейк екенін айтты.
"Әрине, бұл - фейк. Бірнеше нейрон желілері бар: Heygen, Elevenlabs, олардың көмегімен бір минутта кез келген дауысты "клондап" және кез келген әңгімені келтіре аласыз. Қазір көптеген жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген контенттің арнайы белгісі болуы керек деген заң жобасы жасалып жатқанын білемін. Егер белгі болмаса, онда адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін. Менің білуімше, біздің Парламентте де осындай мәселе талқыланды", - деді Маутан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында "Қазақстанда орыс тілі баяу түрде ығыстырылып жатқанын" айтып, жазба жариялады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар станция атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған.
"Өзіңіз мәңгүртсіз": Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді
Ол мысал ретінде "Уральск" бекетінің атауы "Орал", ал "Узень" бекетінің атауы "Жаңаөзен" болып өзгергенін келтіреді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек