Терезелерді жауып, үйде болыңыздар: Алматы тұрғындарынан сақ болу сұралды

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 сәуірде қалада кей уақытта қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы да мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ведомство азаматтарға мынадай кеңес берді:

  • Қатты жел кезінде көлікті ағаштардың астына қалдырмаған жөн.
  • Мүмкіндігінше сыртқа шықпай, терезе, есіктерді жауып, үйде болған дұрыс.
  • Балкондар мен аулалардан жел ұшырып әкетуі мүмкін заттарды жинап қою қажет.
  • Көшеде жүргенде ағаштардан, жарнама тақталарынан, құрылысы аяқталмаған ғимараттардан алшақ болып, кіреберістер мен дүкендерді паналаған жөн.
  • Электр желілері мен үзілген сымдар ерекше қауіп төндіреді, оларға жақындауға қатаң тыйым салынады.
  • Тұрғындардан тауға шықпау сұралды.

Еске салайық, бұған дейін Алматының коммуналдық қызметі нөсер жауынға байланысты күшейтілген режимге көшкені хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!