Қолшатырыңызды дайындаңыз: Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Қолшатырыңызды дайындаңыз: Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жауынға байланысты күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет болжамына сүйенсек, 16 сәуірде күн ала бұлтты болады, сағат 16:00-ден бастап 17 сәуір сағат 02:00-ге дейін кей жерлерде 17 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы +17…+19 градус болады.

17 сәуірде сағат 11:00-ден бастап күні бойы 12 мм-ге дейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы +8…+10 градус, күндіз +11…+13 градус көрсетеді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі мәліметінше, нөсер жауын кезінде жедел әрекет ету мақсатында 2,7 мыңнан аса жұмысшы, арнайы техника жұмылдырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget