Кейбір адамдар тамақтанғаннан кейін ұйықтағысы кетеді. Мамандар айтуынша, бұл денсаулыққа қатысты мәселені көрсетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тамақтан кейін ұйқыға тарту көмірсу алмасуы жұмысы бұзылуының белгісі болуы мүмкін.
Мұндағы ең сенімді көрсеткіш - гликатталған гемоглобин, ол соңғы 3-4 айдағы глюкоза деңгейін көрсетеді.
Сондай-ақ, тамақтанғаннан кейін ұйқыңыздың келуі қалқанша безі жұмысының бұзылуын көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда мүшенің қызметін көрсететін гормондарды тексеру қажет.
Сонымен қатар, ұйқы деңгейі жоғарылауының себебі жасырын темір тапшылығы болуы мүмкін. Бұл жағдай ферритин мен темірге қан анализін диагнозын қоюға көмектеседі. Сондықтан ұйқышылдық пен шаршау үнемі мазаласа, дәрігер кеңесі керек.
Айта кетейік, бұған дейін ұйқысыздық пен ұйқының қанбауы денсаулыққа қалай әсер ететіні хабарланған болатын.
Дәрігердің сөінше, ұйқы кезінде адамның денсаулығы мен психикасы қалпына келеді. Түнгі ұйқының жетіспеуінен ағзаның жұмысы бұзылады. Егер адам бір күн ғана ұйықтамаса, қорқынышты ештеңе болмайды, тек күні бойы шаршау мен ұйқышылдық болуы мүмкін, бірақ психикалық функциялар тиісті деңгейде қалады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қос сөздердің қандай түрлері бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!