Ұйқысыздық пен ұйқының қанбауы денсаулыққа қалай әсер етеді?

Ұйқысыздық пен ұйқының қанбауы денсаулыққа қалай әсер етеді?

Ресейлік дәрігер Наталья Кидиекова ұйқысыздық пен ұзақ уақыт ұйқының қанбауынан қант диабеті, инсульт және басқа да созылмалы аурулар пайда болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, ұйқы кезінде адамның денсаулығы мен психикасы қалпына келеді. Түнгі ұйқының жетіспеуінен ағзаның жұмысы бұзылады. Егер адам бір күн ғана ұйықтамаса, қорқынышты ештеңе болмайды, тек күні бойы шаршау мен ұйқышылдық болуы мүмкін, бірақ психикалық функциялар тиісті деңгейде қалады.

"Бір күн ұйықтамаған адамда тек физикалық көрсеткіштер төмендейді, бұл концентрацияға, белгілі бір тапсырмалардың ұзақтығына жанама әсер етуі мүмкін", - дейді Кидиекова.

Егер адам үнемі ұйықтамаса, ұйқысы қанбаса денсаулығына байланысты елеулі проблемалар туындайды. Еңбекке қабілеттіліктің нашарлауынан жалпы өмір сапасы төмендейді.

"Зерттеулерге сәйкес, ұйқының бұзылуынан жиі кездесетін белгілердің бірі депрессияға түсу, жүрек жеткіліксіздігі. Мұндай белгіне байқаған адам дереу тиісті тексеруден өтуі қажет", - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, бес сағаттан аз ұйықтау созылмалы ауру қаупін 50 жастағы адамдарда 30 пайызға, ал 70 жастағыларда 40 пайызға арттырады.

"Сондай-ақ, біз қант диабеті, қатерлі ісік, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, созылмалы бүйрек ауруы, бауыр ауруы, депрессия, деменция, психикалық бұзылулар, паркинсон ауруы және артрит сияқты аурулардың қаупі туралы айтып отырмыз", - деп түсіндіреді дәрігер.

Кидиекова созылмалы ұйқысыздық медициналық емдеуді қажет ететінін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова