Теміртау қаласының маңында 16 көлік соқтығысып қалды

Теміртау қаласының маңында 16 көлік соқтығысып қалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ауа райының қолайсыздығынан Теміртау қаласының маңында 16 көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сіле

Соқтығысқан көліктер арасында Алматыдан Астанаға қатынайтын автобус та бар. Жол апаты салдарынан 2 адам жарақат алды. Олар Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілді.

Ақ түтек боран салдарынан Қарағандыдан Теміртауға дейінгі аралық уақытша жабылды.

Еске салайық, бұған дейін Астана маңында ірі жол апаты болды, 15 көлік соқтығысты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова