Астана маңында ірі жол апаты болды: 15 көлік соқтығысты

Астана маңында ірі жол апаты болды: 15 көлік соқтығысты
Фото: Видеодан алынған кадр

2 қаңтарда Щучье-Астана тас жолының Жасыл ауылы маңында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бурабай ауданының Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kokshe_city_03?? (@kokshe_city_03)

Апат ауа райының қолайсыздығы мен нашар көрінуі салдарынан орын алған. Салдарынан 15 көлік зардап шекті. Бір адам ми жарақатын алған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына эвакуацияланды.

Оқиға орнына зардап шеккендерді жылыту үшін экипаж жіберілді. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы