Танымал әнші Ақбота Керімбекова композитор Арман Дүйсенов туралы естелігін бөлісті. Өнер иесі бұл туралы "Оян" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2002-2003 жылдары Арман Алматыға келді. Ол Түркістанда болды. Сол кезде Лұқпан ағаның студиясында жиналатынбыз барлығымыз. Ол кезде интернет желісі жоқ. Енді танылып жатқан кезіміз, Досымжан, Саят, МузАРТ. Күнделікті студияда кездесеміз. Сазгерлер жиналады, ақындар жиналады. Ән қараймыз. Сол кезден бастан Арманның әндерін орындадым. Алғашқы әндері сол - "Сағыныш". Кейінгі концерт беретін кезде "Жаңа әндер бар ма? Осындай ән керек еді" деген сияқты шығармашылық байланыс үзілмеген. Желтоқсанда шығармашылық концертімде іздедім. Телефоны өшірулі болды. Жаман нәрсе ойламайсың ғой. Өлгеннен кейін бағалап жатамыз ғой. Тірі кезінде де Арман бізге Арман болды. ...Аты өшпейді. Жадымызда қалады", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Дүйсенов өмірден өткені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!