- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тек жемістер мен...
Тек жемістер мен көкөністер жесе не болады?
Жемістер мен көкөністер – қоректі заттарға бай табиғаттың сыйы. Денсаулықты сақтау үшін "күніне бес порция жемістер мен көкөністер жеу керек" деген ұғым бар. Күнде жемістер мен көкөністер жеудің пайдасы қандай?
Күнде жемістер жесе ағзада қандай өзгеріс болады?
Жемістер дәрумендер мен минералдарға бай. Олардың құрамында С және Е дәрумені секілді маңызды антиоксиданттар бар. Олар бос радикалдармен күресуге көмектеседі және жасушаларды зақымдалудан қорғайды. Жемістердің кез келген түрі ағзаны қоректік заттармен байытады.
Жүрек-қан тамырлар жүйесін қатайтады
Жемістер қандағы холестерин деңгейін азайтатын және жүрек саулығын сақтайтын тағамдық талшықтарға бай. Банан мен апельсиндердегі калий артериялық қысымды реттеуге және ағзадағы сұйықтық тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
Асқорытуды жақсартады
Жемістердегі жасұнық ішектер жұмысын қалыпқа келтіруге, іш қатудың алдын алуға және сау микрофлораны сақтауға көмектеседі. Олар сондай-ақ тағамдағы қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді.
Энергия мен тонусты арттырады
Жемістердегі глюкоза және фруктоза деп аталатын табиғи қанттар ағзаға жылдам энергия береді. Жемістер сондай-ақ жүйке жүйесін сақтайтын және энергияның жоғары деңгейін сақтайтын В дәруменіне бай.
Иммунитетті қатайтады
Жемістердегі С дәрумені мен антиоксиданттар терінің сау және жарқын болуына ықпал етеді. Сондай-ақ оны қоршаған орта әсерінен қорғайды. Цитрустылар, манго, киви секілді С дәруменіне бай өнімдер иммунды жүйені қатайтады және ағзаға жұқпалармен күресуге көмектеседі.
Ескеру керек нәрселер:
- Кез келген өнімді секілді жемістерді де өте көп жеуге болмайды. Жемістерді өте көп жеу ағзада қанттың көп болуына әкеліп, қандағы глюкоза деңгейіне әсер етуі мүмкін. А ол зат алмасу проблемаларына әкеледі. Порцияларды бақылауға және артық жемеуге тырысыңыз. Әдетте жеміс шырындарында қант көп, ал тағамдық талшық жоқ болады. Сондықтан жемістің шырынын емес, оның өзін жеген жақсы.
- Әртүрлілік маңызды. Рационға жемістің әр түрін қосу керек. Жемістің әр түрінде өзіне тән қоректік заттар бар. Тек жемістің бір түрін ғана жей беру ағзада қоректік заттардың жетіспеуін тудыруы мүмкін.
- Калорияны ескеріңіз. Жемістерде пайдалы қоректік заттар көп болғанымен, оларда да калория болады. Егер салмағыңызды немесе рациондағы калория мөлшерін бақылап жүрген болсаңыз, жейтін жемістеріңізді де ескеріңіз.
- Аллергия. Кей адамдарда жемістің кейбір түріне аллергия болады. Егер азық-түлікке аллергияңыз бар болса немесе аллергияға бейім болсаңыз, оны жеміс таңдауда ескеріңіз.
Кез келген нәрседе шаманы білу маңызды. Бұл жемістерге де қатысты.
pixabay.com
Күнде көкөністер жесе ағзада қандай өзгеріс болады?
Көкөністерде ағзадағы процестердің қалыпты өтуіне қажетті көптеген дәрумендер бар: сарымсақ, брокколи және тәтті бұрышта - С дәрумені, сәбіз, асжапырақ, ақжелкенде – А дәрумені, орамжапырақта – В дәрумені. Сондай-ақ көкөністерде минералды заттар, органикалық қышқылдар және су бар: ол ағзадағы су тепе-теңдігін сақтауға және ісінуді басуға көмектеседі.
Адам жеткілікті мөлшерде көкөністер жеген кезде ол қосымша энергия алады. Себебі ағза жасұнықты сіңіруге көп күш кетірмейді. Сонымен қатар антиоксиданттардың арқасында жасушалар жаңарып, қартаю процесі баяулайды.
Күніне қанша көкөніс жеу керек?
Адамға күніне 3-4 порция көкөніс керек. Оның орташа мөлшері – 80 грамм. Экзотикалық көкөністер мен жемістердің мөлшерін азайтқан жөн: олар асқазан-ішек жолы жұмысын бұзуы және аллергия беруі мүмкін.
Қандай көкөністер пайдалы?
Барлық көкөністер пайдалы. Бастысы, тек салат жапырақтарымен тамақтанбай, рационды түрлендіру керек. Мысалы, төмендегі көкөністердің мынадай пайдасы бар:
- Кәдінің калориясы аз. Ол ішектер проблемасын кетіреді, қан тамырлар ауруларымен күреседі және холестерин деңгейін түсіреді;
- Қияр құрамындағы калийдің арқасында бүйрек жұмысын қалыпқа келтіреді;
- Брокколиде темір бар. Ол анемияның алдын алады және бос радикалдарды шығарады;
- Қарапайым қырыққабат глюкоза деңгейін бақылайды, асқазан-ішек жолына жағымды әсер етеді. Оны ашытып жеген өте пайдалы. Себебі ашытылған қырыққабатта С дәрумені көп.
Сізге жағымсыздық сыйлайтын көкөністер мөлшерін азайтқан жөн.
Тек көкөністермен тамақтанса не болады?
Ағза майлар мен ақуыз жетіспеушілігімен қиналады және сіз қажетті калория мөлшерін алмайсыз. Мысалы, ерлер үшін калорияның тәуліктік нормасы – 2400 ккал. Оның орнын толықтыру үшін кесілген қырыққабаттың 100 кесесін жеу керек.
Калория жетіспегендіктен, сізде энергия болмайды, әлсіздік пайда болады. Сондай-ақ көкөністерде жоқ В12 және D дәруменінің жетіспеушілігі туындайды. Сонымен бірге ішектер бұзылысы мен іштің кебуі байқалуы мүмкін. Сондықтан үйлесімді тамақтану жайлы ұмытпау керек және ақуыз, май және көмірсуларға бай тағамдардан бас тартпау қажет.
Оқи отырыңыз: Кімдерге алма жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!
Дереккөз: vesti.kz
А. Жапатова