Кімдерге алма жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!

Кімдерге алма жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!
Фото: pixabay.com

Алма – барлық адам дерлік жақсы көретін жемістің бірі. Алайда оны кей адамдарға жеуге болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.

Алманың пайдасы

Алма түрлі дәрумендер мен микроэлементтерге бай: C, B1, B2, P, E дәрумендері және марганец, калий, темір. Сондай-ақ ол бет реңкін жақсартуға және қартаю процесін баяулатуға көмектесетін пектинге бай. Алманың құрамындағы жасұнық ұзақ қорытылады, сондықтан ол көпке дейін тоқтық сезімін береді. Бұл салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі. Алма аллергия беретін өнім емес, сондықтан оны көптеген адамға жеуге болады.

Алманы кімдерге жеуге болмайды?

Мына жағдайларда алмадан бас тартқан жөн:

  • Гастрит, асқазан және аш ішек жарасының болуы;
  • Ұйқы безінде қабыну процестерінің болуы;
  • Алманы көтере алмаушылық;
  • Диабет кезінде тәтті қызыл алмаларды жеуге болмайды, оның орнына оның жасыл түрлерін таңдау қажет;
  • Егер арықтауды мақсат етіп қойсаңыз, жасыл алмаларды таңдаңыз.

Ұйықтар алдында алма жеуге бола ма?

Асқазан-ішек жолы проблемалары бар және диабетпен қиналатын адамдарға алманы кешкісін жеу зиян.

Оқи отырыңыз: Куркуманы кімдерге жеуге болмайды?

А. Жапатова