Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков жалақысы қанша екенін айтты. Бұл туралы ол "Обожаю" YouTube-арнасында Асхат Ниязовқа берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист әкімнен бұрынғы лауазымындағы табысы туралы сұрады. Бақытжан Орынбеков бұл сұраққа жауап беремеді, бірақ қазір Тараз әкімі ретінде қанша алатынын айтты.
"Жалақыма қызығушылық танытсаңыз, мемлекеттік қызметкер ретінде 1 миллион 80 мың теңге аламын. Жалақым салықты есептегенде 890 000 теңге шамасында болады", - деп жауап берді әкім.
Сондай-ақ, Бақытжан Орынбековтың айтуынша, Тараздағы орташа жалақы - 180-220 мың теңге.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың жалақысы екі миллионнан асатыны айтылса, Алматы әкімі Ерболат Досаев жалақысы 980 мың теңге екені мәлім болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!