ШҚО әкімі Даниал Ахметов жалақысы қанша екенін айтты

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жалақысы қанша екенін айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Әкімдер жалақы жүйесі туралы айтып берейін. Біріншіден, әкімдердің базалық айлығы бірдей. Базалық сан бар, жалақы әкімнің өтілімен байланысты. Қазір әлеуметтік желіде мені қайтадан сынай бастайсыздар. Менің жұмыс өтілім - 48 жыл. Бұл кез келгеніңізден көп. Мемлекеттік қызметтегі өтілім - 33 жыл. Барлық өмірбаянымды айтып отырмаймын. Бірақ көптеген әріптесіммен салыстырғанда бұл салаға өндірістік базамен келгенмін. Бұл трендті сақтап қалу керек шығар, бірақ ол маған қойылатын сұрақ емес (...) Менің жалақым екі миллионнан көп", - деді Ахметов ОКҚ брифингінде.    

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев та жалақысын айтқан болатын. Әкімнің сөзінше, оның жалақысы - 980 мың теңге.  

С. Сатыбалдина