Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жаңа жүргізушісін таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төлепбергеннің сөзінше, "Астарлы ақиқат" бағдарламасын енді Бердімұрат Хасенұлы жүргізеді.
"Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы - талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде "поледегі" қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым - соған дәлел болса керек. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз", - деп жазды ол.
Дина Төлепбергеннің ойынша, телевизияға эволюция мен революция керек.
"Ол үшін белгілі бір сала мамандарының жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға, отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін… Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!", - деді Дина Төлепберген.
Еске салайық, бұған дейін тележүргізуші Дина Төлепбергени "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтатып жатқанын мәлімдеген еді.
Кейінірек ол көпті толғандырған сұраққа нүкте қойып, бағдарламаның жабылмайтынын айтқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!