"Астарлы ақиқат" жабылды деп жар салып жатыр". Дина Төлепберген көпті толғандырған сұраққа нүкте қойды

"Астарлы ақиқат" жабылды деп жар салып жатыр". Дина Төлепберген көпті толғандырған сұраққа нүкте қойды
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатысты көпті толғандырған сұраққа нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Халқым мені қашанда құрметтеп, сүйетінін білетін едім, бірақ мұндай ыстық ықыласпен деп ойламадым…Қаншама хаттар, жылы лебіздер, қоңыраулар, жанкүйерлер мен фанклубтардың видеолары, репосттары - менің көңілімді бір босатып тастады. Сіздерге көп рақмет! Бірақ мен эфирден кетсем де, сіздерден кетуге асықпаймын. Дина зейнетке шығып жатқан жоқ! 

Көп көрерменім несіне жасырайын, тіпті журналистер "Астарлы ақиқат" жабылды деп жар салып жатыр. Олай емес! Мен тек жүргізушілікті тоқтатып жатырмын. Жүргізу - маңызды болса да, эфирдегі жұмыстың бір бөлігі ғана. Одан бөлек кадр сыртында қайнаған тіршілік. Редакция, операторлар, техникалық қызмет, пост продакшн - оның барлығын басқару - бас продюсердің міндеті. Яғни менің!

"Астарлы ақиқаттың" айрықша ерекшелігі ол - қай кезде де кейіпкерлердің мәселесіне өте терең қарауы. Біз олардың оқиғасын баяндап қана қоймай, мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Жоғары органдарга бума-бума хат жолдадық, архивтерді ақтардық, әлеуметтік жәрдемақы алу үшін құжаттарды жинадық, тіпті психологиялық қолдау көрсеттік. Есімде, тіпті бір кейіпкердің балаларымен журналисттерім бір апта бойы сабағын, тапсырмасын орындады.

13 жылда жиналған метариалдар - талай туындыға, анализ жасауға негіз болатын дария дүние. Мен оны өзім әлі зерттеп, санап, қорытып жатырмын. Және кино, фильм, сериал режиссерлары мен сценаристтерін байланысуға шақырамын. Кей оқиғаларды жазып жатқан өз кітабымнан да оқитын боласыз.

Сонымен "Астарлы ақиқат" жабылмайды!" - деп түйіндеді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек