- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таңертең "бетім ісінбесін"...
Таңертең "бетім ісінбесін" десеңіз, мына уақыттан кейін су ішпегеніңіз жөн
Кейбір адамдардың беті таңертең ұйқыдан оянғанда ісіп тұрады. Мәселені шешу үшін кешкі 19:30-дан кейін су немесе кез келген сұйықтықты ішпеген жөн. Бұл туралы дерматовенеролог, косметолог Екатерина Васильева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.
"Егер күнде таңертең ұйқыдан оянғанда, бетіңіз ісіп тұратын болса, міндетті түрде дәрігер кеңесін алыңыз. Ал беті күнделікті іспейтін адамдар жай ғана кешкі 19:30-дан кейін кез келген сұйықтық ішу туралы ұмытуы керек", - деді маман.
Сонымен қатар, маман бетке массаж жасау үшін екі ас қасықты мұздатқышта сақтауға кеңес берді. Салқын ас қасықтар бетке тиген кезде дренаждық әсер беріп, оның ісігін тез басады.
"Бетке "Лиотон" гелін жағу арқылы да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады, оны көз айналасынан басқа бүкіл бетке жағу керек. Бұл құралдың әсерін одан әрі күшейту үшін мұздатқыштағы салқын ас қасықтарды қолданыңыз", - деді косметолог.
Бұдан бөлек, дерматовенеролог бетке массаж жасау да лимфаны жақсы қоздыратынын және қысқа мерзімде ісінуді бейтараптандыруға көмектесетінін түсіндірді.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер аяқ ісуінің алдын алу жолдарын айтқаны хабарланған болатын.
"Ісінудің себебі физикалық белсенділіктің төмендеуі немесе бұлшық ет теңгерімсіздігі болуы мүмкін. Лимфа жүйесі бұлшық еттердің жиырылуы мен релаксациясының арқасында жұмыс істейтінін есте ұстаған жөн. Адам көп қозғалмаса әрі жаттығу жасамаса, ісіну ықтималдығы артады. Бұл мәселені шешудің ең жақсы нұсқасы - тұрақты жаттығулар", - дейді спорт дәрігер Дмитрий Горковский.
Тағы да оқи отырыңыздар: Техногендік апат деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә