Аяқ неге ісінеді? Дәрігер алдын алу жолдарын айтты

Аяқ неге ісінеді? Дәрігер алдын алу жолдарын айтты
Фото: © Фото : Unsplash/Imani Bahati

Аяқ ісінуі ағзада проблема барын білдіруі де мүмкін. Ісінуден қарт адамдар немесе үнемі тұрып жұмыс істейтіндер ғана зардап шекпеуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

Аяқтың ісінуі

Ісіну - адам ағзасында көп мөлшерде артық сұйық жиналып, су-тұз балансы бұзылатын жағдай. Су дененің әртүрлі бөліктерінде немесе ішкі мүшелерде жиналуы мүмкін. Көп жағдайда бұл тіпті көзбен де байқалып тұрады.

Аяқ ісінуі жиі кездесетін құбылыс, өйткені адам аяқтарына жиі ауыр салмақ түседі. Әдетте аяқ түстен кейін ісінеді, бірақ түрлі себепке байланысты басқа уақыттарда да байқалуы мүмкін. Ауыр патологияларға байланысты адамның аяқтары ғана емес, қолдары, беті де ісінуі мүмкін.

Аяқ үнемі ісіне бермейді. Бұл - денсаулыққа қатысты проблемалардың дәлелі. Кейде бұл құбылыстың физиологиялық себептері де болуы мүмкін. Олардың ішінде:

- артық тұз. Тым тұзды тағамға деген құмарлық ісінудің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін;
- ішімдік тұтыну;
- ыстық ауа райы (жоғары температура аясында ісіну қаупі артады);
- артық салмақ;
- ыңғайсыз, тар аяқкиім, соның салдарынан қан айналымы бұзылуы мүмкін.

"Ісінудің себебі физикалық белсенділіктің төмендеуі немесе бұлшық ет теңгерімсіздігі болуы мүмкін. Лимфа жүйесі бұлшық еттердің жиырылуы мен релаксациясының арқасында жұмыс істейтінін есте ұстаған жөн. Адам көп қозғалмаса әрі жаттығу жасамаса, ісіну ықтималдығы артады. Бұл мәселені шешудің ең жақсы нұсқасы - тұрақты жаттығулар", - дейді спорт дәрігер Дмитрий Горковский.

Аяқтың ісінуін тудыруы мүмкін ауруларға мыналар жатады:
- жүрек-қан тамырлары проблемалары;
- бүйрек аурулары;
- бауыр патологиясы;
- лимфостаз, лимфа ағынының бұзылуына байланысты басқа аурулар;
- қалқанша безінің бұзылуы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова