Сарапшылар таңертең ұйқыдан оянғаннан кейін ашқарынға жылы су ішуге шақырады. Олар мұндай әдеттің денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Уызсыздандыру (детоксикация) жүреді. Зиян заттар ағзадан оңай шығарылады.
Зат алмасу және ас қорыту ынталандырылады. Жылы судан кейін ағзадағы қан тамырлары кеңейеді, сондықтан сұйықтық асқазанға тезірек жетеді және тағамды ыдыратуға көмектеседі.
Калорияның еруі артады. Жылы суды ішкеннен кейін дене температурасы көтеріліп, артериялар мен тамырлар кеңейеді, бұл өз кезегінде қан ағымын жақсартады. Нәтижесінде бұлшықеттер мен қалған тіндер қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, ал май шөгінділері оңай ериді.
Қан айналымы ынталандырылады. Оянғаннан кейін бірден жылы су ішу, энергияны жоғарылатады. Дене температурасының шамалы көтерілуі қан айналымын ынталандырады және денені ұйқыдан тезірек оятады.
Шырышты қабаттар ылғалдандырылады. Жылы су мұрын, тамақ және асқазан-ішек жолдарындағы шырыштың жиналуын, сондай-ақ осы аймақтарда вирустар мен бактериялардың көбеюін азайтады.
Ауырсыну жеңілдейді. Жылудың босаңсытатын және түйілуді басатын әсері іштен де әсер етеді.
Айта кетейік, бұған дейін күнде бал қосылған су ішсе, ағзада не болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 20 жылдық той қалай аталады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз