Күнде бал қосылған су ішсеңіз не болады?

Күнде бал қосылған су ішсеңіз не болады?
Фото: pixabay.com

Күнде бал қосылған су ішсеңіз, ағзада қандай өзгерістер болады? Оны қай кезде және қалай ішкен пайдалы? 

Иммунитетті қатайтады

Бал антибактериялық және қабынуға қарсы қасиетке ие. Ол инфекциялармен күресуге және иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі. Бал қосылған суды жүйелі түрде ішу ағзаңызды қатайтуға көмектеседі және оны түрлі ауруларға төзімдірек етеді.

Тамақ саулығы

Бал қосылған жылы су тамақты жұмсартуға, жөтел белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Мұндай сусын тұмау белгілерін жеңілдету үшін халықтық емде жиі қолданылады.

Энергияны арттырады

Балда фруктоза және глюкоза секілді табиғи қант бар. Олар ағзаға энергия көзін береді. Сондықтан таңертең бал қосылған су ішу күні бойы сергек және жақсы көңіл күймен жүруіңізге ықпал етеді.

Тері саулығы

Балдағы антиоксиданттар бос радикалдар әсерін азайтуға көмектеседі және терінің сау болуына ықпал етеді.

Асқорытуды жақсартады

Бал асқорытуды ынталандыруға және ішқату белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Ауыр тамақтан соң бал қосылған су ішу жағымсыз сезімді азайта алады.

Бал қосылған суды аш қарынға ішу керек па?

Бал қосылған суды аш қарынға ішкен пайдалы. Ол асқорытуды іске қосады және асқазанды тамақ ішуге дайындайды. Сондай-ақ ол күні бойына энергия сыйлайды.

Бірақ оны аш қарынға ішу – бұл сусынды ішудің жалғыз әдісі емес. Бал қосылған суды басқа уақытта да ішуге болады. Мысалы, оны ұйықтар алдында да ішу пайдалы, себебі бал ағзаны тыныштандыруға көмектеседі және ұйқының сапалы болуына ықпал етеді. Сондай-ақ бал қосылған суды күндіз де сергітуші сусын ретінде ішуге болады.

Бал қосылған суды жылы күйінде ішу керек па?

Бал қосылған суды жылы күйінде ішу жағымдырақ. Ол ағзаны босаңсытады, асқорытуды жеңілдетеді және тамақты жібітеді. Әсіресе, тұмауратып қалғанда оны жылы күйінде (ыстық емес) ішкен жақсы. Жылы су балдың дәмі мен иісін жақсырақ ашады. Көпшілік адам ұйықтар алдында да бал қосылған суды жылы күйінде ішкенді жақсы көреді.

Алайда бұл міндетті емес, балды салқындау суға қосуға да болады. Сізге ұнайтын температураны таңдаңыз.

Бал қосылған су ішетін кезде мына нәрселерді ескеріңіз:

  • Сапалы бал таңдаңыз. Сіз қолданып жүрген бал сапалы екеніне көз жеткізіңіз. Оны сенімді жеткізушілерден алыңыз.
  • Мөлшермен қолданыңыз. Бал калориялы өнім, оны көп мөлшерде қолдану артық салмаққа әкелуі мүмкін.
  • Оны 1 жасқа дейінгі балаларға бермеңіз. Бал аллерген өнім болғандықтан, оны 1 жасқа дейінгі балаларға бермеу ұсынылады. Ал 1 жастан асқан баланың рационына бал қосылған су қосқыңыз келсе, оны педиатрмен ақылдасыңыз және балды рационға қалай қосу керегі жайлы кеңес алыңыз.
  • Бал аллергенді өнімге жатады. Сол үшін алдымен оған аллергияңыз жоқ екеніне сенімді болыңыз.

Оқи отырыңыз: Балдың 12 емдік қасиеті

А. Жапатова