- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таңды лимон қосылған...
Таңды лимон қосылған сумен бастауға 6 себеп
Таңертең аш қарынға лимон қосылған су ішу пайдалы. Бұл пайдалы әдет арықтауға көмектесіп қана қоймай, көптеген орган мен жүйенің жұмысын қалыпқа келтіреді.
Лимон – С дәруменінің және антиоксиданттардың көзі. Оған қоса, олардың құрамындағы пектин тәбетті басуға көмектеседі. Күнде таңертең лимон қосылған су ішсеңіз не болады?
Қандағы қант деңгейін тұрақтандырады
Лимон қосылған су тәттіге деген құштарлықты азайтады. Ол қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі. Себебі оның құрамы табиғи компоненттерге және еритін жасұныққа бай.
Асқорытуды қалыпқа келтіреді
Лимонды су асқорыту сөлі мен ферменттерінің бөлінуін арттырады. Бұл асқорытуды жақсартады және қоректік заттардың жақсырақ сіңуіне көмектеседі.
Тері жағдайын жақсартады
Лимондағы антиоксиданттар, әсіресе, С дәрумені тері саулығына ықпал етеді. Өз кезегінде беттің сау реңкі адамның өзіне деген сенімділігін арттырады да, сауығуды жалғастырғысы келеді.
Ағзаны ылғалдандырады
Ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне жеткілікті су ішу маңызды. Әсіресе, таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған жөн. Таза судың өзін іше алмайтын адамдарға лимон көмектесе алады.
Уытсыздандыруды күшейтеді
Лимон өзінің уытсыздандыратын қасиетімен танымал. Лимон қышқылы бауыр жұмысын ынталандырып, оған уыттарды шығаруға көмектеседі.
Тоқтық сезім береді
Лимон құрамындағы пектин сумен бірігіп, тоқтық сезімін арттырады, бұл артық тамақтанудың алдын алады.
Оқи отырыңыз: Ұзақ өмір сүруге көмектесетін 5 әдет
А. Жапатова