Журналист Нұрбек Бекбау Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Кахраманмараш қаласын көрсетті. Ол видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Талқаны шығып кеткен, үйінді. Кахраманмараш қаласында жүрміз. Сыртынан сау тұрған сияқты көрінеді, бірақ көпшілігі бұзылған", - деді журналист.
Публикация от Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)
Нұрбек Бекбау бастаған топ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен Кахарманмараш қаласында киіз үйлер тігіп жатыр.
Еске салайық, қазақстандық журналист Нұрбек Бекбау Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге киіз үй жіберуді ұсынып, кейін бұл іске өзі бастамашы болған.
Мұны қазақстандықтар да қолдап, 20 млн теңгеден астам қаражат жинап берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!