Талғардағы жасөспірімнің өлімі: полиция “бандиттердің“ қатысы бар-жоғы туралы айтты

Талғарлықтар әлеуметтік желілерде "хуторские" бірнеше жылдан бері бүкіл Талғарды үрейде ұстап отырғанын айтып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалхаров бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Хуторская банда" деген тұжырым жоқ. "Хуторские" деген атпен жүретін мұндай қылмыскерлер де жоқ. Қазір қылмыс болған жерде "қанша ұрлық болды, оның қаншасына учаскелік полиция инспекторлары жол берді, талдау жасап жатырмыз. Міне, дәл осындай сұрақтар Ішкі істер министрінің нұсқауымен біз бастаған қызметтік тексеру барысында да қойылады. Осы аумақта болған, тұрып жатқан және жұмыс істейтін аталған учаскелік инспекторлардың әрбір әрекетіне қызметтік тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", – деді Шалхаров.
 

Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Бүгінгі таңда жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам тергеу изоляторында. Аталған оқиғаға қатысты жаңалықтар – Шерзаттың әпкесі төбелеске қатысы бар тағы екі қыздың да ұсталуын талап етті.

Шерзат Болаттың өлімі: сот онлайн көрсетілуі мүмкін бе?

Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданған?

"Қантөгіс болмасын". Шерзаттың әкесі қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз