Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
19 қыркүйекте сағат 10:35 шамасында, Талғар ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне қалалық ауруханасының 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полициясында тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 жылғы Ш. есімді және 1994 жылғы Н. есімді күдіктілерді анықтап, ұстады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберінде жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда әкесі қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді аяусыз ұрып тастағаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мектепте тегін тамақ кімге беріледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз