Талғарда әкесінің қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді аяусыз ұрып тастаған

Талғарда әкесінің қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді аяусыз ұрып тастаған
Фото: видеодан алынған кадр

Талғарда әкесі қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді аяусыз ұрып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең Талғар аудандық орталық ауруханасында болған. Жағдайдың қалай болғанын және видеосын мекеменің өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, әкесінің өмірден өткені туралы қайғылы хабарды естігеннен марқұмның ұлдары қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің ресімделуін күтпестен, реанимация бөліміне баса-көктеп кірген, реанимация бөлімінің дәрігері мен меджігітті ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап, оны орталық аурухананың аумағынан медициналық каталкаға салып алып кеткен.

Зардап шеккен дәрігерлерге бірден медициналық көмек берілген. Алайда қазір бөлімшенің анастезиолог - реаниматолог дәрігерінің жағдайы ауыр.

Талғар ауруханасының басшылығы мен әкімшілігі аурухананың бүкіл ұжымы атынан бүгінгі оқиғадан зардап шеккен әріптестеріне қолдау білдіріп, барлық қажетті медициналық және психологиялық көмекті беретінін хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан