Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісінің мойнын тілгілеп, өлтірмек болған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Немолчи" қорына сілтеме жасап.
Ер адам 11 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылған.
Ол екі бап бойынша кінәлі деп танылды:
Айта кетейік, оқиға былтыр қарашада болған. Бастапқыда күдікті ұсталғаннан кейін тек 2 күн қамауда отырған.
Бұл туралы қоғам белсендісі, #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оның сөзінше, полицейлер қасақана адам өлтіруге оқталу ісін 293-баппен (Бұзақылық) қарастырған.
Зардап шеккен әйел #НеМолчиKZ қорынан көмек сұраған. Ол қазір ауруханада жатыр.
"27 қазанда сағат 16.53 шамасында Талдықорғанда бұрынғы жігітім тап беріп, мойын тұсымды пышақтады. Жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қаладағы көпсалалы ауруханаға апарды. Менің жарамды таңып, 1,5 сағаттай жансақтау бөлімінде жаттым, артынша коридорда жаттым. Кейіннен мені ІІБ полицейлері алып кетіп, отыра алмайтын, жүре алмайтын жәбірленушіден жауап алды. Маған тап берген жігіт 1 күн тығылып жүрді, сосын ол табылып, тек 2 күн қамауда отырып, артынша бұзақылық бабы бойынша босатылды", - дейді зардап шеккен әйел.
2 қарашада қыздың анасы ер адам не үшін қамаудан босатылғанын білу үшін ішкі істер басқармасына барған. Тергеуші күдіктіні ұстап отыратын себеп болмағанын, оқиғаға қыздың өзі кінәлі екенін айтқан.
Күдікті жәбірленуші қызбен бір аулада тұрады екен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз