- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорған әкімі жансақтау...
Талдықорған әкімі жансақтау бөліміне қандай диагнозбен түскені белгілі болды
Талдықорған әкімі Әсет Масабаев денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл ескі ақпарат, ауруханаға 4-5 мамырда түстім. Қазір жағдайым жақсы, бәрі дұрыс. Ауруханаға жатқызудың себебі ишемиялық шабуыл, микроинсульт болды. Қазір бәрі жақсы, оңалтудан өтіп жатырмын", - дейді әкім.
Әсет Масабаев оның денсаулығына алаңдап, қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтты.
Еске салайық, кеше 18 мамырда Талдықорған қаласының әкімі жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Бұл ақпаратты Әсет Масабаевтың өкілі Мәди Шәкенов растаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина