- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- TAG Heuer брендінің...
TAG Heuer брендінің «ақылды» моделі таныстырылды
Швейцарлық TAG Heuer компаниясы Carrera Connected атымен өзінің алғашқы смарт-сағатын шығарды. Жаңа өнім швейцариялық брендтің «ақылды» санаттағы алғашқы өнімі саналады. Смарт-сағатты құрастыруға америкалық Intel мен Google компаниялары қолдау білдірген.
Carrera Connected танымал брендтің сыртқы корпусы дизайны негізінде жасалған. Ал оның циферблаты орнына жоғары көрсеткішті дисплей орнатылған. Ал корпусын жасау үшін құрастырушылар әдеттегідей титан металын қолданыпты.
46 мм диаметрлі корпус ішінде Intel Atom Z34XX процессоры қондырылған. Ал гаджеттің барлық функционалдық элементтері бір микросызбаға жүйеленген. Өнімнің оперативті жады – 4 гигабайт. Carrera Connected сағаты Android Wear операциялық жүйесінде жұмыс істейді.
TAG Heuer Connected смарт-сағатының бағасы 1500 АҚШ долларын құрайды. Смарт-девайс қара, көк, қызыл, сұр, сары, жасыл және сарғылт түсті белдікшелерімен сатылымға шығарылады.
Ж. Өрісбай