- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сізге қауіп төніп...
Сізге қауіп төніп тұрған жоқ па? Дәрігер қандай ер адамдар простатитпен ауыруы мүмкін екенін айтты
Жалпы ер адамдар дәрігерге барғанды жақсы көрмейді. Ал интимді салаға келгенде тіптен қаралғысы келмейді. Сондықтан жиі ауруы асқынған кезде бір-ақ көрінеді. Простатит – ерлерде жиі кездесетін проблема. Оны емдемесе ол жыныстық өмірге жағымсыз әсер етуі және бедеуліктің себебіне айналуы мүмкін. Бұл ауруды уақытында анықтау үшін не нәрсеге мән беру керек? Бұл сұраққа Doctorpiter порталына дәрігер Роман Иванов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
"Простатит – кең тараған несеп-жыныстық жүйесі ауруы. Әдетте ауру репродуктивті жастағы ерлерде, яғни 30 және одан жоғары жаста дамиды", - дейді дәрігер.
Простата – қуықтың астында орналасқан репродуктивті жүйе органы. Простатаның негізгі міндеті – шәует сұйықтығын өндіру. Қуықасты безіне инфекция түссе, ол қабынып, простатит пайда болады.
Медицинада жедел және созылмалы простатит болады. Тәжірибеде біріншісі сирек кездеседі. Оның жедел түріне тән белгілерге мыналар жатады: температураның бірден көтерілуі, кіші дәретке жиі бару және осы кезде ауырсыну, шап пен ұманың ауыруы, белдің ауыруы, құсу, жүрек айну.
"Егер жедел простатитті емдемесе, ол созылмалы түрге айналады. Оның белгілері анық емес. Алғашқы ойландыру керек белгілерге кіші дәрет кезінде қышу, күйдіру және ауыру, дәретханаға түнде жиі бару жатады. Сондай-ақ көпшілік науқас таңертең кіші дәретке бару қиын екенін және зәр шығу үшін күшену керек екенін айтады. Созылмалы простатиттің тағы бір белгісіне әлсіз эрекция жатады. Мұның барлығы өмір сапасының нашарлауына және тіпті неврозға әкеледі", - деп түсіндірді Роман Иванов.
Қауіп тобына қандай ер адамдар кіреді?
- Жыныстық серігін жиі ауыстыратын ер адамдар. Бұл кезде жұқпа жұтырып алу қаупі бірнеше есе артады;
- Аз қозғалысты өмір салтын ұстанатын ер адамдар;
- Жиі салқын тигізіп алатын, іш қатумен қиналатын және шап тұсы зақымын алған ер адамдар;
- Несеп-жыныстық жүйесінің созылмалы қабыну аурулары бар, жыныстық қатынас арқылы жұқпа жұқтырған, АИТВ және ЖИТС бар науқастар;
- Дұрыс емес өмір салтын ұстанатын ер адамдар: жиі күйзеліске шалдығады, дұрыс тамақтанбайды, аз ұйықтайды, спиртті сусындар ішеді және т.б.
Оқи отырыңыз: Простатитпен ауырғанда ішімдік ішуге бола ма? Уролог маңызды сұрақтарға жауап берді
А. Жапатова