Простатитпен ауырғанда ішімдік ішуге бола ма? Уролог маңызды сұрақтарға жауап берді

Простатитпен ауырғанда ішімдік ішуге бола ма? Уролог маңызды сұрақтарға жауап берді
Фото: altamedica

Денсаулығы мінсіз болмаса да, ер адамдар әдеттегі кешкі сырадан бас тартпайды. Урологқа жиі қойылатын сұрақтардың бірі "созылмалы простатит" диагнозы болса, ішімдік ішуге бола ма?  Уролог Руслан Корнилов telegram  каналында бірқатар сұраққа жауап берді.

"Мұнда бәрі салыстырмалы түрде қарапайым.  Алкоголь қуықтың шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер етеді, сонымен қатар қуық асты безінің ісінуін күшейтеді. Осыған байланысты жедел зәр шығару дамуы мүмкін. Егер простата ауруы болса, онда, алкоголь осы проблемалардың барлығын күшейтеді", - дейді уролог Руслан Корнилов өз блогында.

Бірақ әдеттегі асқынусыз созылмалы простатит кезінде, ішімдік ішкенде ешқандай проблема болмайды, деп атап өтті дәрігер.

Дәрігер простатиттің өршуі кезінде алкогольді тұтынуды толығымен алып тастау және қуық қабырғасы тітіркендіретін ысталған ет, ащы және тұзды тағамдарды диетадан алып тастауды ұсынған.

Простата безін қалай тексеруге болады?

"40 жастан кейін PSA (постатаны анықтайтын анализ) сынағын алу үшін жылына бір рет қан тапсыру қажет (қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтау үшін) және екінші ұсынылатын нәрсе – тік ішек арқылы емес, трансабдоминальды УЗИ-ден өту керек. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексерілу артық болмайды", - уролог кеңес береді.

Неліктен простатит пайда болады?

Простатит – қуық асты безінің қабынуы. Ауру көбінесе 20-40 жаста дамиды.

Простатиттің себептері:

• жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;

• бактериялық инфекциялар;

• жамбас ағзаларында қан айналымының бұзылуы;

• қуық асты безіндегі секрецияның бұзылуы.

Алдын алу әдістері

• күнделікті тәртіп, физикалық белсенділік;

• физиотерапия;

• дұрыс тамақтану;

• тұрақты жыныстық өмір;

• жыныстық гигиена.

• созылмалы инфекциялардың алдын алу;

• ішектің жұмысын қалыпқа келтіру;

• гипотермиядан аулақ болыңыз;

• зәр шығаруды бақылау;

• урологқа үнемі тексерілу.

Айта кетейік, бұған дейін уролог-андролог Құрманбеков Тұрар қуық асты безіне массажды қашан және қандай жағдайларда жасауға болатынын айтқан еді.

Т. Раушанұлы