Сырдария өзеніндегі жантүршігерлік жағдай: балалардың ең кішісі төрт жаста болған

Сырдария өзеніндегі жантүршігерлік жағдай: балалардың ең кішісі төрт жаста болған
Фото: Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның дерегін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суға батқандардың ең кішісі төрт жаста екен. 

Тоғыз адам өлі табылды: Олар

1. 1983 жылы туған әйел;
2. 2006 жылы туған қыз бала;
3. 2004 жылы туған қыз бала;
4. 2019 жылы туған қыз бала;
5. 2015 жылы туған қыз бала;
6. 2017 жылы туған қыз бала;
7. 2006 жылы туған ұл бала;
8. 2009 жылы туған ұл бала;
9. 1998 жылы туған әйел;

Екі адам іздестіріліп жатыр:

  1. 2011 жылы туған ұл бала;
  2.  2013 жылы туған қыз бала.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар тоғыз адамның мәйітін тапқанын хабарланған едік.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдар суға батып кеткені туралы хабар жеткен. 

"Олар - бір отбасының мүшелері немесе тегі бір адамдар. Онда бірнеше ағайынды және олардың балалары болды. Туыстарының сөзінше, олар тойдан шығып, өзен жағасында демалуды ұйғарған. Жағалау өте терең, бірден терең жері басталады. Шамасы біреуі суға бата бастады, ал басқалары оны шығарып алуға тырысып, батып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, олар бір-бірін құтқаруға тырысып, батып кетті. Тіпті шомылуға үлгермеген, бәрінің үстінде киім болды. Бұл жер шомылуға арналмаған", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан