"Сүйінші хабармен келемін". Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Өзбекстанда ота жасататынын айтты

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Өзбекстанда ота жасататынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі оқырмандарына тілекші болғаны үшін алғысын білдірген.

"Таңғы 4-те тұрып түсірілімге барамын, әрі қарай өзбек еліне ота жасатуға барамын. Сіздерді уайымдата бермей, Insta-да 3-4 күн болмаймын. Сүйінші хабармен келемін. Ал маған тілекші боп отырған жақсылар, Алла дұғаларыңызды қабыл етсін", - деп жазды актриса әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін ол 8 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты қызынан кейін перзент сүйе алмағанын жеткізді.

"Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы азамат, жақсы әке. Бірақ бұл өмірді жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім, Алла ғұмыр берсін. Сондықтан әркім бақытты болуға лайық. Ол да, мен де", - деді актриса.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!