Сүйек қатерлі ісігі - сүйек пен шеміршек тінінде дамитын қатерлі ісіктің түрі. Олар эпителийден гөрі дәнекер тінінің жасушаларынан түзілетіндіктен, онкологтар мұндай өсінділерді саркома деп атайды. Сүйек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай, тәуекел тобында кімдер бар ауруға шалдығудың алдын алу үшін не істеу керек?
Аурудың негізгі үлесі басқа ағза мүшесінің метастаздан туындаған қайталама қатерлі ісікке жатады. Ісіктің бастапқы кезеңі сүйек пен шеміршек тінінде сирек дамиды. Саркома 35 жасқа дейінгі ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда дамиды, әйелдерге қарағанда ер адамдарға жиі әсер етеді.
Сүйек қауіпті ісігіне әкеп соқтыратын қауіп факторлары
Бас сүйек, аяқ-қол, жамбас және басқа сүйек түзілімдері қатерлі ісігінің даму механизмі толық анықталмағанымен, онкологтар сүйек тінінде ісіктің даму қаупін арттыратын қолайсыз факторларды анықтай алған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
Ісік дамуының ең көп тараған себебі - ісіктен зардап шеккен басқа ағза мүшесінің метастаздары.
Соңғы кезде сүйек қатерлі ісігінің психосоматика теориясы – денеге әсер ететін ауру мен уайым арасындағы байланыс танымал бола бастады. Әрине, бұл жерде белгілі бір байланыс бар. Өйткені дәрігерлердің айтуынша, шын жүректен және қатты сауығып кеткісі келетін науқас уайымға беріліп, үмітсіз жүрген адамға қарағанда тезірек айығып кетеді. Алайда, бұл теория әлі күнге дейін ғылыми зерттеумен дәлелденбегендіктен, ресми медицина мұны ескермейді.
Сүйек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?
Сүйек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері басқа ісік түрімен салыстарғанда ерте пайда болады. Бастапқыда буын немесе ісіктен зардап шеккен сүйек ауырады. Ауырсыну басында қысқа мерзімді болады, кейінірек ауру күшейіп, жүйелі түрде ауырып бастайды, оны ауырсынуды басатын дәрімен басу мүмкін емес. Сонымен қатар, ауырсыну түнде және сүйекке жүктеме түскенде күшейеді. Ісіктің басқа да белгілері:
Егер осы белгілердің бір немесе бірнешесі екі-үш апта немесе одан да көп уақытқа созылса-кешіктірмей онколог кеңесін алу керек.
Қатерлі ісік ауруына шалдығудың қалай алдын алуға болады?
Өкінішке қарай, сүйек қатерлі ісігінің алдын алу әдістері әлі де жоқ, белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Нейминг деген не?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!