Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты атышулы іс бойынша cот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Судья Зарема Хамидуллина Сұлтан Сәрсемәлиевті бүтін бір отбасын өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
"Жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша және ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деді судья Зарема Хамидуллина.
Айта кетейік, тергеу нұсқасы бойынша ол құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салған.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Сұлтан Сәрсемәлиев өзінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың аяғында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған.
Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны Қылмыстық кодекстің бірқатар бабы бойынша кінәлі деп тануды және оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотта Сұлтан Сарсемәлиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін мәлімдеді. Алайда Наурыз Мұқанғалиевті өлтіруді жоспарламағанын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз