Атырауда бір отбасының өліміне қатысты сот отырысында жаңа кадрлар көрсетілді. Процесс қатысушыларына тергеу барысындағы бейнежазба таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрда айыпталушы қолына пышақтың муляжын ұстап, бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиев өлтірілген күні оқиға қалай өрбігенін тергеушілерге көрсетіп жатқаны байқалады. Сәрсемәлиев өз әрекетін қайталап, қылмыстың мән-жайын баяндайды.
Ол ұсталғаннан кейін тергеушімен қайғылы жағдай болған үйге барып, оқиғаның егжей-тегжейін көрсеткен.
Айыпталушы өз айғағында жанжал отбасылық келіспеушіліктер мен жұбайының туыстары тарапынан айтылған балағат сөздерден кейін туындағанын, бұл оның ар-намысына тигенін мәлімдеген. Оның сөзінше, жанжал соңы Наурыз Мұқанғалиевпен төбелеске ұласқан.
Наурыз Мұқанғалиев тоғыз рет жасалған пышақ жарақатынын кейін көз жұмған.
Сәрсемәлиев енесі Нәсіп Өтешқалиеваға қатысты эпизодты бөлек түсіндірген. Оның айтуынша, екеуінің арасында да жанжал болған. Ол жазбада тергеушілерге өз нұсқасын айтып, әйелдің сүйегін қалай жасырғанын іс-қимылмен көрсетеді.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
- 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
- 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
- 35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;
- 32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Tengrinews.kz
Күдікті туралы
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
- 99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
- 188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық";
- 190-бап - "Алаяқтық".
Сот отырысы
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова
qamqor.gov.kz