- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сотқа бердім". Айдай...
"Сотқа бердім". Айдай Исаева тележүргізуші Дина Төлепбергенге ренжулі екенін айтты
"Қазақстан аруы" жобасының президенті Айдай Исаева тележүргізуші Дина Төлепбергенге өкпесі қара қазандай екенін жеткізді. Бұл туралы ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан аруы - 2022" байқауындағы дауға байланысты бағдарламалар шығып, халық арасында қызу талқыға түскен еді. Осы байқауға байланысты тележүргізуші Дина Төлепберген арнайы екі шығарылымды бағдарлама арнаған. Алайда Айдай Исаева тележурналистен бағдарламаны эфирге шығармауын өтінгенін айтты.
"Мен Динаға айтқанмын, "ол бөлімді шығарма" деп. Ол жерде көбі жалған. Біздің жеке хаттарымызды шығартып, бізді кінәлі қылды. Дәл қазір заң аясында жұмыс істеп жатырмыз. Сотқа берілді, қолдарына талап арыз берілді. Алда көретін боласыздар, енді жеңгетай деген қылмыс, яғни адам сатумен тең. Мен өзім текті жердің қызымын, текті жерге келінмін. Енді мені адам сатады деп, мені білетін адамдар оған сенбейді. Бірақ қарапайым адамдардың санасын улап жүрген осындай бағдарламалар. Бағдарламада тек бір жақты пікір қалыптасты. Келген сарапшылардың байқауға еш қатысы жоқ адамдар. Сол үшін Динаға ренжідім. Хайп үшін мені қаралағысы келді ме?" - дейді ол.
Айдай Исаеваның айтуынша, бағдарламаға қатысы бар адамдарға, телеарнаға, тіпті сол жерде отырған сарапшыларға қарсы сот жүріп жатыр.
"Заң алдында бәріміз бірдейміз. Заң аясында жауап береді. Егер де сол жерде кешірім сұраймын десе, мақұл. Ал өтемақы, кешірім үшін қаражат беремін десе, олардың қаражаты маған бір тиын", - дейді Айдай Исаева.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан аруы" байқауында шыққан дау туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы