"Сутенер деп атады". Қазақстан аруы байқауынан шыққан дауға қатысты жаңа дерек айтылды

"Сутенер деп атады". Қазақстан аруы байқауынан шыққан дауға қатысты жаңа дерек айтылды

Әлеуметтік желіде "Ғалам аруы - 2022" атағын иеленген, бірақ кейін сол атағынан айырылған Диана Тәшімбетоваға қатысты дау шыққан болатын. Желі қолданушылары оның ыңғайсыз отырған сәті көрінетін видеоны қызу талқылаған еді. Байқауды ұйымдастырушылар осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, байқау президенті Айдай Исаева бұған дейін шыққан дау барысында жеке басына нұқсан келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ғалам аруы Қазақстан - 2022" титулының бұрынғы иегері Диана Тәшімбетованың шеттетілуіне қатысты байқауды ұйымдастырушылар брифинг өткізді.

Байқау президенті Айдай Исаеваның сөзінше, "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Жан Ахмадиев оны сутенер (жезөкшелік қызметті ұйымдастырумен айналысатын және жезөкшелердің қызметін бақылайтын, оларды қорғайтын және одан табыс табатын адам - еск.) деп атап, беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа арыз берген. Айдай Исаеваның және байқаудың адвокаттары қазір сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингте "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

"Диана дайындық барысында өзін жақсы ұстады, тырысты, орындады (талаптарды - еск.)", - деді "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының директоры Катрин Безверхова.

Сонымен қатар, "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауы өкілінің айтуынша, байқауға қатысқанға дейін қыздар барлық келіссөзге көнеді, барлық тәртіпті бұзбауға тырысады.

"Видеоға қатысты айтар болсақ, оның қашан түсірілгенін білмейміз. Бірақ байқауға дейін деген жобамыз бар. Қазір тек болжам айта аламыз. Оны өзінен сұрасаңыздар болады. Ол кезде (байқау кезінде - еск.) біз оның ондай қылықтарын байқаған жоқпыз, білген жоқпыз, көрген жоқпыз", - дейді "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының өкілі.

Мисс атына сай ма? "Ғалам аруы" атанған қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан атынан шығатын ару барлық талапқа сай болуы керек екенін айтып, ұйымдастырушыларды сынаған болатын. Ал байқауды ұйымдастырушылар арулардың беделі өте маңызды екенін айтып, бұл видео байқауға дейін жарияланғанда Диана байқауға жіберілмейтінін мәлімдеді.

"Биылғы тәжірибе бізге де сабақ болды. Енді жіті тексереміз. Ол үшін жеке мәліметтерді тексеруге келісетіні туралы қолхат жаздырып аламыз. Байқауға дейін бүкіл жеке мәліметін тексеруге мәжбүр боламыз", - деді жоба өкілдері бұл туралы.

Айта кетейік, "Қазақстан аруы - 2022" байқауының финалисі Диана Тәшімбетова байқау ұйымдастырушылары оның "Әлем аруы" байқауына қатысуын қаржыландырудан бас тартты деп мәлімдеген болатын. Ол бұл байқауға 2023 жылғы қаңтарда баруы керек болған. 

"Бейтаныс ер адамдар бар мейрамханаға апарды". "Қазақстан аруы" байқауына қатысты дау шықты

Артынша ол дисквалификацяға ұшырады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова