Солтүстік Кипрде жараланған қыздың азаматтығы нақтыланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрдегі супермаркетте шабуылдан зардап шеккен қызға қатысты ақпаратты нақтылады. Жаңартылған дерекке сәйкес зардап шеккен қыз еліміздің азаматы емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мәліметті нақтылау барысында зардап шеккен адам Қазақстан тумасы болғанымен, Қырғызстан Республикасының азаматы екені анықталды", - деп жазылған СІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде белгісіз ер адам қызға пышақ ала жүгіргені, оған бірнеше жерден жарақат салып, кейін өз мойнын жаралағаны хабарланды.

Кейінірек зардап шеккен қыз Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Ол 22 жаста. Ал күдікті Түркияның 31 жастағы азаматы болуы мүмкін. Ресми түрде расталмаған мәліметке сүйенсек, ер адам шабуыл жасамас бұрын қызды бірнеше күн бойы аңдыған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!