- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сол сәтте ақшам...
"Сол сәтте ақшам болмай қалды". Әнші Мадина Садуақасова ұнатқан көйлегін алу үшін көлігін сатып жібергенін айтты
Әнші Мадина Садуақасова "Жарқын жүздесу" бағдарламасына берген сұхбатында көйлек үшін астындағы көлігін сатып жібергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші көйлекті Дубайдан көріп, қатты ұнатқан, алайда дәл сол уақытта қалтасында қаражаты болмаған көрінеді.
"Осыдан бірнеше жыл бұрын, Дубайда көрген бір көйлек қатты ұнап қалды, сол көйлекті кигім келді. Қателеспесем, бұл 2005 жыл болуы керек. Тура сол сәтте ақшам болмай қалды. Тіпті ұйықтасам да көйлекті түсімде көретін болдым. Содан кейін көлігімді сататын болып шештім. Астымдағы көлігімді бір жігіт менен сатып алғысы келіп жүрген, оған қоңырау шалдым да, көлікті алатын болсаң тезірек ақшаны әкеп бер дедім. Ақшаны алдым да, Дубайдағы құрбыма аударым жасап, көйлекті сатып алдыртып, ұшақпен Қазақстанға салып жіберуін өтіндім", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Өзгерістер қайнап жатыр". Әнші Мадина Садуақасова шығармашылығындағы жаңалығын бөліскен болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 20 м/с қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, оның массасы қандай?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә