"Өзгерістер қайнап жатыр". Әнші Мәдина Сәдуақасова шығармашылығындағы жаңалығын бөлісті

"Өзгерістер қайнап жатыр". Әнші Мәдина Сәдуақасова шығармашылығындағы жаңалығын бөлісті
Фото: "Жарқын жүздесу"

Әнші Мәдина Сәдуақасова "Жарқын жүздесу" бағдарламасына берген сұхбатында шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, репертуарына жас композиторлардың әндері енген.

"Менің шығармашылық тобымда түгел жастар. Менің репертуарыма да өте жас композиторлардың әндері енді. Мысалы, кеше ғана Ne1tron деген рэпердің "О, мама" деген әнді аяқтадық. Шығармашылымда сәл жастарға жақындау әндер бар. Жаңа композиторларым жас болса да, олардың музыкаға деген талғамы, әр сөзінің мағынасының тереңдігі мені кәдімгідей таңғалдырып, баурап алды. Мен бірден болды, осы кісілермен жұмыс жасаймын дедім. Жақында, 4 жаңа әнім жарыққа шығады. 

Сонымен қатар, 11-12 адамнан құралған шығармашылық тобымда да өзгерістер бар. Олар, музыкалық продюсер, директор, әкімші, 3-4 SMM-маманы, маркетолог, заңгер, есепші, стилист жіне тағы басқа. Қазіргі заманның талабына сай жұмыс істеп жатырмыз", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Мәдина Сәдуақасова өзін жек көріп, жаман пікір жазатындарға жауап бергені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: 20 м/с қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, оның массасы қандай?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә