Әлеуметтік желіде Алматыдағы Алматы Арена спорт және мәдениет сарайының алдындағы жыртылған Тулар қызу талқыға түсіп жатыр. Кадрлардан Тулардың шеттері жыртылғаны байқалады. Алатау әкімдігі өкілдері осы мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алатау әкімдігі мәліметінше, Тулар үнемі ауыстырылып тұрады.
"Алматы Арена" спорт кешені әкімшілігінің ақпараты бойынша флагштоктағы ілінген Тулар ай сайын ауыстырылады. Кешенде 2 данадан 2 комплект Ту қарастырылған", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері 1 қыркүйекте алаңдағы 4 Ту ауыстырылғанын мәлімдеді. Бірақ олар ауа райы қолайсыз болғандықтан бүлінген.
"11 қыркүйекте қатты жел ұйытқуына байланысты флагштоктағы ілінген 3 Ту зақымданған. Аудан әкімшілігі тарапынан зақымданған Туларды ауыстыру жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 12 қыркүйекте Тулар алынды", - делінген әкімдік жауабында.
Қазір кешен әкімшілігі жаңа Туларға тапсырыс берген. Әкімдік өкілдері 14 қыркүйекте жаңа Тулар ілінетінінн жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Алматы Арена алдындағы жыртылған Тулар қызу талқыға түскені хабарланған еді. Кадрларды танымал журналист Ирина Әлімжанова желідегі парақшасында жариялады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бұланты және Аңырақай шайқастарын салыстырып, талдау жаса.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова