"Күлейін бе, жылайын ба, соғыс кезінде бұлай ілінбеген шығар". Алматы Арена алдындағы жыртылған Тулар талқыға түсті

"Күлейін бе, жылайын ба, соғыс кезінде бұлай ілінбеген шығар". Алматы Арена алдындағы жыртылған Тулар талқыға түсті
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Алматы Арена спорт және мәдениет сарайының алдындағы жыртылған Тулар қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал журналист Ирина Әлімжанова желідегі парақшасында Алматы Аренаның алдына ілінген Тулардың видеосын жариялаған. Кадрлардан Тулардың шеттері жыртылғаны көрінеді.

"Оқырманнан келген видео. Төрт ту да жыртық", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Irina Alimzhanova (@irina_31tv)

Әлеуметтік желідегілердің бір бөлігі Ту ауа райы байланысты тозуы мүмкін деген болжам да жасаған. Алайда желі қолданушыларының басым көпшілігі Туды мұндай күйде іліп қою ұят екенін жазған. 

"Тым болмаса, тудың көрікті боп тұруын қадағаласа ғой. Бұл жай мата емес, қазақтың ар-намыс, абырой-беделі екен неге түсінбейді. Ертеден Ту құласа елдің рухы құлады дегенмен бірдей", "Жырып дегендеріне мәз-ау ақымақтар, Көк Тудың қасиеті мықты ғой, көк аспан мен қыран құс символы босқа тұрған жоқ, Алланың қолдап қорғап тұрған ерекше назары ауған халықпыз ғой. Алла бәрімізге ортақ оны білемін...", "Күлейін бе, жылайын ба, соғыс кезінде тулар бұлай ілінбеген шығар кезінде", "Әкім аспанға қарамайды, қараса ұшып бара жатқан самолетті көрер еді", "Ұят болған екен", - дейді олар.

Бұл мәселеге байланысты қалалық әкімдікке сауал жолданды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова