- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла...
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Динара Әлжанға қатысты эксклюзив сұхбат берді
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы екенін мәлімдеген Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен де арақатынасы болғанын жариялаған еді. Ғабидолла Әбдірахымов осы ақпаратқа қатысты алғаш рет Massaget.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.
Динара Әлжан сұхбат барысында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан алған жалпы сомасы 70 мың долларды қалай жұмсағанын да айтқан еді.
Ал Ғабидолла Әбдірахымов бірнеше күн бойы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні шулатқан ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, бәрі жалған екенін айтты.
"Иә, оқыдым, көрдім, бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды әрі сандырақ!" - деді ол.
Бірақ Шымкенттің бұрынғы әкімі Динара Әлжанмен таныс екенін жоққа шығармады.
"Таныспын, егер мұны солай атауға болса. Бірде Шымкентте досымның жұбайының мерейтойына шақырылдым. Әнші Динара Әлжан осы іс-шарада басқа шақырылған эстрада әртістерімен бірге өнер көрсетті. Мұндай іс-шараларда әдетте болатындай Динара Әлжан бірге суретке түсуді өтінді. Бұл сурет сол жерден", - деп түсіндірді Ғабидолла Әбдірахымов.
Айта кетейік, Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Шымкентке тойға барып, сол сапарда өңірдің экс-әкімімен танысқанын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Шымкенттің экс-әкімімен қандай байланыста болғанын айтқаны хабарланған болатын. Оның сөзінше, тойға шығу мақсатында Шымкентке барған, алайда кейін отырыста экс-әкіммен танысқан.
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы сұхбатта айтқан деректерге қатысты қылмыстық іс қозғауға бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова